Рамазан - Құран айы
Рамазан - Құран айы

Қасиетті Рамазан айы - күллі мұсылман баласының алтын діңгегі, Алланың кәламы, шарапатты Құран Кәрім түскен ай. Алла Тағала "Бақара" сүресінің 185-аятында, әуелі, Құран туралы сүйіншілейді: "Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді..." Сосын барып Рамазан туған бойда ораза ұстау жөнінде бұйырады. Міне, осыған байланысты, ғалымдар бұл айда әрбір мұсылман Құран Кәріммен дос болуды айрықша тапсырады.

Осы орайда Құран Кәрімнің әрбір оқылған әрпі үшін он сауап жазылатынын да қайта еске салғым келеді. Айтылғандарды ескере келе, мынадай пайдалы сілтемелерді бөліскім келеді. Көп жағдайда адамдар жұмыста болып немесе жол үстінде смартфон қолданып келе жататындықтан, оларға қасиетті кітап қол астында болғаны керек. Сол кезде көмекке келеді деген ойдамын:

"Құран Кәрім (Халифа Алтай аудармасы)" қазақша аудармасы толық келтірілген сайт: http://kuran.kz/

Құран Кәрімнің мединелік жазбадағы нұсқасы: http://kuran.kz/medine.php

Құран Кәрімді аудио түрінде онлайн тыңдау үшін: http://kuran.kz/mp3/ сондай-ақ компьютеріңізге/смартфоныңызға mp3 күйінде жүктеп алуға болады.

"Құран Кәрім (Халифа Алтай аудармасы)" қазақша аудармасы epub нұсқасында. Бұл - айфон/айпад және андройд құрылғыларға жүктеп алып, интернет жоқ жерде де оқуға болатын кітап түрі: https://yadi.sk/i/yUBW6HghhR3yZ (epub 953MB).

Құран Кәрімді орыс тілінде оқығысы келетіндер үшін "Әл-Мунтахаб" аудармасы. Дініміздің ғұламалары Құран Кәрімді басқа тілге екі формада жеткізу қажет екендігін айтып кеткен екен. Нақтырақ болсақ, хафиз ибн Хаджар мен имам ас-Суюти: "Құранды басқа тілге аударғанда оны не мүмкін болғанша тікелей сөзбе-сөз күйінде аудару керек немесе мағынасын аудару қажет" деген екен. Біздің жағдайымызда Халифа Алтай атамыз Құран Кәрімді сөзбе-сөз аударуға тырысса, дәл осы әл-Мунтахаб аудармасы қысқаша, ұғынықты тілде мағынасын аударған. Кітап орыс тілінде өте жеңіл, түсінуге ыңғайлы аударылған: https://yadi.sk/i/CZBRCXJ2hR44X (PDF 3,4MB).

Алла Тағала баршамызды осы айда Құранмен нұрланған және нәрленген құлдардан етсін! Әмин!

намаз, ислам, Құран, аят, Бақара, рамазан, сүре, Кәрім
Тимур БектұрТимур Бектұр
9 жыл бұрын 57288
1 пікір
Блог туралы
0
2791 18 24 144 10