Тарауих намазын оқушыларға әзіл ескерту

Ассалаумағалейкум, барша мұсылман қауым!

Сонымен, көптен бері ойда жүрген шаруа - Ислам.кз сайтынан блог ашу бүгін өз шегіне жетіп, "Бисмилләһ" деп орындалып тынды:)) Бұл, әрине, күні ертең, 18 маусым күні басталатын Рамазанның құрметіне жасалған іс. Енді, күн сайын демейін, аптасына бірді-екілі жазба шығарып тұруға тырысып бағамын. Мақсатым, дінді өзімнің оқырмандарыма жеңіл және ұғынықты тілмен жеткізу.

Ертең - ораза! Ал бүгін - тарауих! Бүгінгі қозғағалы отырған тақырып та осы тарауихқа қатысты. Әдетте, былай уақытта намаз оқымайтын жандар, ораза уақытында ауыз бекітетін болғандықтан, Рамазан айы бойы оқылатын тарауих намаздарына қатысуды құп көреді. Бұл - өте құптарлық іс. Біз ол мұсылмандардың оразадағы амалдары қабыл болып, бес уақыт намаз бастап кетуін Алладан тілейміз. Дейтұрғанмен, кейбір ағайындар намаз үстінде түрлі жағымсыз мінез-құлықтар көрсетіп, айналасындағы жамағатқа әсерін тигізіп жатады. Сондай бір келеңсіздікті болдырмас үшін, шет елдік мұсылман бауырларымыздың дайындаған видеоматериалын аударып беруді жөн деп таптым. Ондағы мақсат - кейбіреулердің жиіркенішті әдеттерін әсірелей көрсету арқылы, қайталаймын, әсірелеп көрсету арқылы сондай әдеттен қайтару, көркемдікке баулу.

Аллаһ Тағала сіз бен біздің ұстаған оразаларымызды қабыл етіп, қасиетті де, шарапатты Рамазан айында тілеген әрбір дұғамызды қабыл еткей! Әмин!

Тимур БектұрТимур Бектұр
9 жыл бұрын 5953
7 пікір
  • Jamagat arasynda jiyi kaitalanatyn katelikterdi azil aralastyryp ademi eskertu jasapty. Alla razy bolsyn Timur bauyrym! Elimizge tanymal bloger retinde osy jerde senin joktygynnyn orny oisyrau turuwy edi. Blog awkanyun jaksy bolgan eken. Ozinnen Jaksy dunyeler kutemiz bauyrym!
    9 жыл бұрын
  • Әбден күліп алдым))) Әзілмен әрленген тамаша ескерту екен!
    9 жыл бұрын
  • жамағатпен намазға тұрудың өзі әдепті талап етеді көпшілік болған соң, мәселен, жұма намазына барасың, талтайып алып, тым сығылысып еркін намаз қимылын атқаруңа мүмкіндік бермейтіндер бар ғой, әлгіге не деуге болады
    9 жыл бұрын
  • Әйелдер қауымында мұндай жайттар болмайды екен. Байқамаппын.
    Бұндайларды артық қылам деп, тыртық қылды дейді.
    9 жыл бұрын
  • Айтпақшы Ислам.кз - ке қош келдіңіз.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
2791 18 24 144 10